Ғұламаның «Қайырымды қала тұрғын¬дарының көзқарастары туралы трактаты Фарабидің негізгі еңбектерінің бірі, ол 948 жылы Мысырда жазылып аяқталды.
942 жылғы мәтіннің бірінші үлгісі «Китаб ас-сийаса ал-маданиййа» жеке шығарма ретінде танымал болды. Трактатта ол Платонның ойлары әсерінен қоғамның дұрыс құрылымы, дұрыс заңдар және тұрғындардың дұрыс көзқарастарымен байланыстыра отырып, қайырымдыны саяси аспектіде зерттейді. Мұндай мінсіз қоғам «қайырымды қала» (мадина фадила) болып табылады.
Ғұлама Әбу Насыр әл-Фараби бабамыздың «Қайырымды қаланың тұрғындары» атты трактатына орай, Шымкент қаласына «Қайырымды қалаға айналдыру мақсатында ашылған зал.
2200 жылдық тарихы бар көне Шымкент шаһарының тарихи фотосуреттері, атап айтқанда, 1930 ж. Шымкент қалалық базары, Шымкент қаласының көрінісі (1971), Шымкенттің «бас жоспарынан көшірме» (1897-1901 жж.), 15-18 ғғ. су құбырлары, 19 ғ. соңы мен 20 ғ. басындағы Шымкент қаласы, ескі қала орнынан табылған тарихи артефактілер – күміс теңгелер, дәрілік ыдыс, шойыннан жасалған шырағдан (16-17 ғғ.), өрнекті түтін шығаратын ыдыс, кішткене көзе, қыш құмыра сынды мұралар (16-18 ғғ.) қыш леген (18 ғ.) қойылған.
Сондай-ақ, залдың ажарын ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен миллионды шаһарға айналып, республикалық дербес қала мәртебесін алған, бүгінде ажары айшықталып, экономикалық әлеуеті нығайып, келбеті күн санап көріктеніп келе жатқан қаламыздың көрікті жерлері бар фотосуреттермен безендірілген.
Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихына қатысты кітаптармен көрмелер жасақталған. Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігінің қалыптасу және нығаю тарихы бойынша ақпарат ауқымын жасау, үнемі толықтыру және сақтау міндеттері жүктелетін мәдени-ағартушылық залы болып саналады.