alfarabi.lib.shym@mail.ru facebook.com/alfarabi.lib.shym instagram.com/farabi.kitapxana_
ОТЫРАР қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасыӘл-Фараби

атындағы қалалық ғылыми-әмбебап
кітапханасы

Электронды кітапханалар Виртуалды анықтама
Сурет көрмесі Сауалнама
  • Басты бет
  • Кітапхана туралы
    • Кітапхана тарихы
    • Кітапхана әкімшілігі
    • Кітапхана құрылымы
    • Комплаенс офицер
  • Оқырмандарға
    • Кітапхананы пайдалану ережесі
    • Кітапханаға қалай жазылуға болады
    • Кітапхананың жұмыс тәртібі
    • Бізді қалай табуға болады
    • Қызмет
    • QR кітапхана
    • Үйірме және клубтар
    • Жаңадан келіп түскен кітаптар
  • Жобалар, Бағдарламалар
    • "Бір ел - бір кітап"
    • "Бір қала бір кітап"
  • Хабарлама
  • Жаңалықтар
  • Виртуалдық көрме
  • Ресурстар

«Кітап – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыратын басты құрал.
Кітапхана – білім мен мәдениеттің алтын қоры».
Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев



Кітапхана тарихы


Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа ғимаратқа орналасқан мекеме алғашқыда Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана болып ашылды.

2013 жылы 25 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы №327 қаулысы шықты.

2013 жылдың соңында зиялы қауым өкілдерінің, кітапханашылар қауымдастығының, оқырмандардың, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен кітапхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

2014 – 2017 жылдар аралығында Облыстық ғылыми – әмбебап кітапханасы облыс аумағындағы 432 кітапханалар желісі үшін ғылыми–әдістемелік орталық болып қызмет атқарды.

2016 жылдың күзінде қазіргі таңда қаламыздың балауса оқырмандарына қызмет көрсетіп отырған «Ақерке» балалар залы ашылды.

2017 жылдың сәуір айында «Облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Отырар» атауы берілсін деген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы шықты.

2018 жылғы 20 маусым күні кітапханада адамдардың бір-бірімен тіл табысуы, оқу және шығармашылық байланыстарды ұштастыру үшін біріктіретін қоғамдық кеңістік ретінде, Коворкинг орталығы ашылды.

2020 жылы ғұлама ғалым Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толуына орай, ғалымдардың, зиялы қауым өкілдерінің ұсынысымен ҚР Үкіметінің 27.11.2020 жылғы №799 қаулысымен кітапханаға Әл-Фараби есімі берілді. Кітапхана жаңа атауына сай болу үшін модернизациядан өткізіліп, қайта жаңғыртылды.

2021-2025 жылдар аралығында «Әл-Фараби мұрасы – өркениет қазынасы» атты ғылыми-көпшілік конференциясы отандық фарабитанушы ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бас қосатын жыл сайынғы тұрақты түрде ұйымдастырылатын конференцияға айналды.

Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты кітапханалар үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

Қазіргі таңда кітапхана Республикалық маңызы бар Шымкент қаласының ең ірі ақпараттық мәдени орталығына айналып отыр.



Кітапхана туралы жалпы мәлімет


Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік аумағынан қоныс тепкен іргелі рухани шаңырақ – Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы халыққа кітапханалық-библиографиялық, ақпараттық қызмет көрсетуде.

Кітапхана оқырмандарына кең, жайлы, жарық оқу залдарында жұмыс істеуге мүмкіндік бар. 200 орындық мәжіліс залында конференциялар мен зерделі кеңестер, кездесулер мен қызықты шаралар өтеді. Кітапханада оқырмандардың қызығушылығына орай «Дидарласу», «Мұрагер», Libclub «Әлем жаңалықтары» мүдделестер клубы, «Жас түлек» жастар клубтары сондай-ақ «Орыс тілі» үйірмесі, «Бәрін білгім келеді» арт-студия үйірмесі, «Шебер қолдар» үйірмесі жұмыс жасайды.

Кітапты қолжетімді ету, кітап оқу мәдениетін насихаттаудың заманауи тетіктерін пайдалану – біздің негізгі міндетіміз. Отбасылық институтты нығайтуға арналған «Оқитын отбасы - ұлт болашағы», «Әже, ертегі оқып берші», «Ұлдарға ұлағат», «Кітап.Таным.Тұлға» жобалары аясында жастарды кітап оқуға баулитын, кітап оқып жетістікке жеткен тұлғаларды дәріптейтін кездесу кештері, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға баулитын «Бір ел – бір кітап», «Бір қала – бір кітап», «Өлкенің өнер майталмандары», «Кедергісіз кітапхана» жобалары аясында іс-шаралар, 23 сәуір - Ұлттық кітап күні, «KitapTime» республикалық фестивалі, жастарды заманауи квест ойыны арқылы кітапханаға тарту мақсатында креативті форматта ұйымдастырылатын «FARABІ QUEST», 19 маусым – Қала күніне орай «Менің сүйікті қалам!» библиотакси, уақытын тиімді пайдаланғысы келетін оқырмандар үшін өлкетану әдебиеттері және жергілікті қаламгерлердің шығармаларын жастар көп жиналатын қала аялдамаларынан жүктеп алуды ұсынатын «Мобильді QR-кітапхана» шаралары жыл сайын тұрақты түрде өткізіп келеді.





Оңтүстік Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасын 2014-2016 жылдары Пәрімбекова Закира Сембекқызы басқарды.




2016-2019 жылдары «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры қызметін ҚР мәдениет қайраткері Айдарбекова Күлия Смайылханқызы атқарды.





2020 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры - филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын Жаппаркулова Анар Абусайылқызы.





Фарабитану бағытындағы кітапханалық жұмыстар


Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылыми-әдеби мұрасын зерттеп-зерделеу, фарабитанушылардың, оның ішінде А.Машанидің ғылыми еңбектерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жыл сайын кітапханада «Кітапхана – өркениет мұрасы» тақырыбында республикалық ғылыми-көпшілік конференция, «FARABTIME» интеллектуалды сайысы, «FARABІ QUEST» өткізіледі.

Сирек кітаптар бөлімі тоқсан сайын Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактат», «Даналық маржандары», «Музыка туралы үлкен трактат», «Ғалымдардың шығуы», «Бақытқа жету» секілді ғылыми-философиялық еңбектерін оқырмандармен бірге талқылайды. Әл-Фарабидің туған жері Отырардағы «Руханият – Әбу Насыр Әл-Фараби» музейімен бірлескен іс-шаралар өткізіледі.



Біздің басылымдар

Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image

Жиі сұраныстағы кітаптар

Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image
Owl Image

Сурет көрмесі