Кез-келген адам жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының оқырманы бола алады. Ал абонемент бөлімінен кітапты уақытша пайдалану мақсатында үйге алу үшін, міндетті түрде Шымкент қаласында тұрғылықты жері бойынша тіркелімі болуы қажет. Абонемент бөлімінен кітап уақытша үйге 15 күнге дейін беріледі.