Ақпараттық технологиялар заманына сай сенсорлы ақпараттық құрылғы орнатылған. Оқырман сенсорлы экранды таңдау арқылы Х ғасырдың екінші жартысындағы ең ірі философ, энциклопедист ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен қызметіне арналған әдебиеттер мен зерттеулермен таныса алады. QR код арқылы смартфоныңызға «QR code Reader» бағдарламасын енгізу арқылы кітаптарды оқуға мүмкіндік бар. Құрылғы ұлы ойшылдың өмірі мен ғылыми еңбектері бойынша кітаптар мен ол туралы зерттеулермен толықтырылыпп отыратын болады.
Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспарына сәйкес 2020 жыл ішінде арнайы жобаларды іске асыру шеңберінде ғылыми-білім беру орталықтары мен үй-мұражайларының қызметін үйлестіретін, дүниежүзілік Фарабитанушы-ғалымдарды біріктіретін Халықаралық Фарабитанушылар орталығын құру жоспарланған. Әл-Фарабидің ғылыми-философиялық мұрасын халықаралық деңгейде тарату үшін әлемнің 12 жетекші ЖОО-да әл -Фараби орталықтарының желісі құрылды, Стамбулда және Делиде әл-Фараби мұражай-үйлері ашылды. Қосымша БАӘ, Болгария, Жапония, Литва және Египетте осындай орталықтарды ашу жоспарлануда. Алдарыңыздағы картада Әл-Фараби орталықтары орналасқан елдер көрсетілген карта.
(Фараби орталықтары картасы.)
.....Ортағасырлардағы Қазақстанның ең ірі мәдениет орталықтарының бірі Сырдария алқабы болды. 300 шаршы км ауданды қамтып жатқан осы алқапта елуден астам ескі қалалардың, елді-мекендердің орны бар. Бұл өңір магистральдық каналдар мен арықтардың ізіне лық толы. Осы қалалардың ішінде ең ірісі – Отырар (арабтар «Фараб» деп атаған) тек Оңтүстік Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азияның мәдени, ғылыми және саяси ірі орталықтарының бірі болған. Өз заманының бейбіт кездерінде Отырарда Шығыстағы аса бай кітапханалардың бірі болған.
.....Болашақ ұлы данышпан Фарабидің туған қаласы Отырар – сол кездегі дүниежүзіндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Ерте заманда бүкіл дүние жүзінің кітабын жинаған ең ірі кітапхана Египетте, ертедегі грек мәдениетінің орталығы – Александрия қаласында болған екен.
Отырар қаласының кітапханасы әлгі Александриядағыдан кейінгі ең ірі кітапхана екен. Фарабидің ғылымға деген алғашқы ынтасы, терең ғылыми ойының алғашқы ұшқындары, туған елінде, осы Отырар мектебінде, оның тамаша кітапханасында пайда болды деп білеміз.
(Отырардағы медресе композициясы).
Арабтар үшін Отырар жұмақтың шәрісі болатын, олар өздерінің бұйымдарын сол арада қытай саудагерлерімен, Хорезм және Саманид мемлекетінің саудагерлерімен айырбас жасайтын. Мұның туған шаһары аса даңқты да сәулетті еді, түстіктен, батыс пен шығыстан шыққан керуендер осында көп тоғысатын.
Бір сөзбен айтқанда «Фараба» - дарқан жатқан, сәулетті, жасыл баулы, молшылық шаһары – көне араб сөзінің мағынасы осынша кең еді. Әбу Нәсір де өзінің трактаттарында туған Отырарын «Фараба» деп дәріптеді.
Ол сонау жас шағында, заманның тынышында Отырардағы ғаламат бай кітапхананың ішін емін-еркін жайлап, сол уақытта музыкант болуды армандайтын.
(Музыкалық аспаптар).
Қабырғада ғұламаның ғылымдардың жіктелуі туралы тұжырымдамалары көрсетілген.
(«Ғылымдардың жіктелуі» тақташасы)
Кітап сөресінде фарабитанушы ғалымдардың кітаптары мен іргелі зерттеулері қойылған.
Ислам діні тарамай тұрған кезде Отырар өңірінің, Тұранның-Сарматтың көне мәдениеті жоғары болған. Ертедегі мәліметтерде Отырар жоғары мәдениетті, оның кітапханасы дүниежүзіндегі кітапқа бай орын болған. Аңыздарға қарағанда, Отырарда кітап саны жағынан тек Александриядағы кітапханадан кейінгі орынды алатын кітапхана болған» делінеді.
(ІХ ғасырдағы Отырар кітапханасының көрінісі)
Фараби бабамыз «Кеткенім жоқ, елім, сенен Атақ, бақыт, тақ іздеп. Шықтым, жұртым, шалғай шетке Ғылым атты шам іздеп» деген қанатты сөзіне орай Әл Фараби әлем елдерін көп саяхаттады. Шашта (Ташкент) және Самарқандта, кейінірек Бұхарада оны білімге деген құштарлық дамыды. Бұл қалаларда жас жігіт оқып, еңбек етті. Әл Фараби Аристотельдің - ежелгі грек ойшылының ойлары қызықтырды және олардың әсерінен ол өз өмір жолын өзгертті. 40 жасында (910-912) әл Фараби Бағдадқа, ортағасырлық араб әлемінің ғылымы мен өнерінің орталығына барады.
(LED экран. Фараби жолы).
Жоғарыдағы экраннан орындықтарға жайғасып, ғаламшар әлемін тамашалай аласыздар. Бейне көріністер орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіліп отыр. Алдағы уақытта оны қазақ тіліне тәржімалау жоспарлануда.