Жаңалықтар

«Мерейгер кітаптар – 2019»

23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Мерейгер кітаптар – 2019» атты кітап көрмесінде биылғы 2019 жылдың мерейтой кітаптары қойылды. Әдебиеттің түрлі жанрына қалам тартқан жазушылар мен әлем әдебиетінің алтын қорына қосылған шоқтығы биік шығармаларды насихаттау мақсатында Ш.Уәлихановтың алғашқы жинағы (1904) 115жыл, Абайдың алғашқы жинағы 110 жыл, А.Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы (1933) 110 жыл, С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы (1914) 105 жыл, С.Сейфуллиннің «Өткен күндер» өлеңі (1914) 105 жыл, С.Сейфуллиннің «Домбыра» өлең жинағы (1924) 95 жыл, Б.Майлиннің «Раушан коммунист» әңгімесі (1929) 90 жыл, осы кітаптар көрмеге қойылып, кең көлемде оқырмандарға насихатталуда.