Жаңалықтар

«ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫМ, МӘҢГІЛІК ЕЛ – ТҰҒЫРЫМ»

2018 жылғы 13 желтоқсан күні «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының Шет тілі әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылды.
Көрмеге еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы қазақ халқының басынан өткерген қасіретті жылдарынан хабар берер кітаптар мен Тәуелсіз Қазақстан тарихына қатысты еңбектер қойылды.