Жаңалықтар

"Абайдан кейінгі талассыз, даусыз заңғар тұлға – Сұлтанмахмұт ақын"

Қазақтың ақыны, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай №130 жалпы орта мектепте "Отырар" қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен "Абайдан кейінгі талассыз, даусыз заңғар тұлға – Сұлтанмахмұт ақын" атты әдеби-танымдық кеш өткізілді. Кеште С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған кітап көрмесі жасақталды. Сонымен қатар, шара барысында "Ақерке" балалар залының тұрақты оқырмандары ақынның өлеңдерінен үзінділер оқыды.