«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен «Ұлдарға ұлағат» атты тағылымды кездесу кеш өтті. Шымкент қаласындағы Политехникалық колледждің бағдарламалау бөлімінің меңгерушісі Кенжебек Жаңабайұлы шарамызға қонақ ретінде қатысып, шара аясында ұлдарға ұлағат болатындай тағлымды әңгімелер айтылып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, батылдық және жауапкершілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіру жайында ойымен бөлісті. Шара барысында оқырмандармен викториналық ойындар ойнатылып, ✓138 мектеп оқушылары әдеби композиция орындады. Шараны кітапхана директорының орынбасары Г. Алпысбаева қорытындылап, шараға белсене қатысушыларға кітапхана директорының алғыс хатын табыстады.