Ақерке балалар залының ұйымдастыруымен шеберлік сабақ өтті
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен балалар арасында құстар тақырыбында сурет бояу жұмысы өткізілді. Шара барысында бүлдіршіндер түрлі құстардың бейнесін бояп, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, құстарға қамқор болуға баулу көзделді.