Жаңалықтар

Шымкентте кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды

????Шымкентте кітап оқу мәдениетін дамыту мәселелері талқыланды

????Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Зерделі ұлт – зерек оқырман» зияткерлік алаңы аясында кездесу өтті. Іс-шара Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқитын ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесуге Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Ұлттық кітапханасының, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының, «Кітап оқитын ұлт» жобасының өкілдері, сондай-ақ ақын-жазушылар мен баспагерлер қатысты.

Кездесуде «Кітап оқитын ұлт» жобасының іске асырылу барысы таныстырылды. Қатысушылар «Зерделі ұлт» тұжырымдамасын жүзеге асыру жолдарын, кітап оқуды насихаттау шараларын және кітапқа тұрақты қызығушылық қалыптастырудағы кітапханалардың рөлін талқылады.

Сондай-ақ жастарды кітап оқуға баулу, оқырман қауымдастықтарын дамыту және кітапханалар арасында тәжірибе алмасу мәселелері қаралды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

https://www.facebook.com/share/r/1CdpR4DLsD/