Жаңалықтар

«ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ – ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» атты зияткерлік алаң өтті.

«ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ – ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» атты зияткерлік алаң өтті.

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында руханият пен білімді ұштастырған маңызды шара – «ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ – ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» атты зияткерлік алаң өтті.

Шара қарсаңында кітапхана ғимаратының алды мен фойесінде оқырмандар назарына кең көлемді кітап көрмелері мен ерекше инсталляциялар ұсынылып, ерекше атмосфера орнады.

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты көпшілік кітапханалар, ЖОО, колледж және мектеп кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, баспагерлер және белсенді оқырмандар қатысты.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры, «Құрмет» орденінің иегері Күміс Қарсақбайқызы Сейітова, ҚР Ұлттық кітапханасының Ғылыми-әдістемелік қызмет бөлімінің қызметкері Айбала Қанатбайқызы Бекмұхабет, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова және «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірлік амбассадорлары Қазақстанның құрметті журналисі Бахтияр Байдуллаұлы Тайжан, Қазақстан Жазушылар одағы Шымкент филиалының төрағасы Момбек Әбдәкім, ақын Айболат Тілеубайұлы Маймақов, дәстүрлі әнші, термеші Тәттімбет Керей және жобалық кеңсе жетекшісі Айгерім Төребайқызы Алдабергенова өз ойларын ортаға салып, маңызды бағыттарды талқылады.

Шара соңында «Кітап оқитын ұлт» оқу марафонына қатысушы ұстаздар мен кітапханашылар өз пікірлерін білдіріп, қорытынды жасады.

Модератор: Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхана директоры, ф.ғ.к. – Анар Абусайылқызы Жапарқұлова.

Кітап оқыған ұлттың болашағы жарқын! Рухани кештеріміз көп болсын!

#ЗерделіҰлтЗерекОқырман #КітапОқитынҰлт #ШымкентКітапхана #ӘлФарабиКітапханасы #Руханият КітапОқу ШымкентМәдениет