Жаңалықтар

КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ – РУХАНИЯТҚА БАСТАР ЖОЛ!

???? КІТАПХАНАМЕН ТАНЫСУ – РУХАНИЯТҚА БАСТАР ЖОЛ!

«ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ – ЗЕРЕК ОҚЫРМАН» атты зияткерлік алаңға арнайы келген қонақтар шара басталмас бұрын Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасына экскурсия жасады.

Экскурсия барысында мәртебелі меймандар кітапхананың тыныс-тіршілігімен, заманауи қызмет көрсету бағыттарымен, оқырмандарға арналған кеңістіктерімен және жүзеге асырылып жатқан жобаларымен танысты. Сондай-ақ кітапхана қорындағы құнды басылымдар мен рухани мұралар туралы мағлұмат алды.

Қонақтар назарына кітапхана ғимаратының алды мен фойесінде арнайы әзірленген мазмұнды кітап көрмелері мен тақырыптық инсталляциялар ұсынылды. Әрбір көрме мен көркемдік композицияның астарында кітап оқуды насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырман мәдениетін қалыптастыру идеясы көрініс тапты. Ерекше безендірілген кеңістіктер қонақтардың қызығушылығын оятып, шараның мазмұнын аша түсті.

???? Кітапханамен танысудан басталған бұл рухани жүздесу «Кітап оқитын ұлт» идеясын қолдайтын ортақ мақсат пен ізгі бастамалардың маңызын айшықтады. Өйткені кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, білім мен парасат тоғысқан, ұрпақтар сабақтастығы жалғасқан рухани орталық!