Жаңалықтар

ӨНЕР ӨРНЕГІНДЕГІ ӨМІР

✨ӨНЕР ӨРНЕГІНДЕГІ ӨМІР

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында ұлттық гобелен өнерінің көрнекті шебері, халықаралық, бүкілодақтық және республикалық көрмелер мен байқаулардың лауреаты Батырбек Туғанбайұлы Өтептің туғанына 80 жыл толуына орай «Өнер өрнегіндегі өмір» атты танымдық кеш өтті.

????Тағылымды кешті кітапхана директоры, ф.ғ.к, «Құрмет» орденінің иегері Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ашып, өнер майталманының шығармашылық жолын кеңірек айтып берді.

???? Шараға «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Сайлаукүл Жаппарқызы Барақова, белгілі журналист, тіл жанашыры Қабыл Тұрарұлы Дүйсенби, өнер майталманының асыл жары Бибіайша Өтепова, ҚР Суретшілер одағының төрағасы Әбдімүтәліп Мұстафаұлы, Айнабек Мыңжасарұлы Оспанов, Шыңғыс Өтепов, Ержан Шаханұлы, Сәуле Ахметова және Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектебінің оқушылары қатысты.

Кеш барысында Батырбек Өтептің ұлттық нақыш пен терең философиялық мазмұнды ұштастырған «Түркі дастаны» атты туындысы, атамекен мен туған жер тақырыбына арналған еңбектері ерекше аталып өтті.

Қатысушылар өз естеліктерімен бөлісіп, өнер иесі туралы жүрекжарды пікірлерін білдірді.

Тағылымды кештің басты мақсаты — өнер иесінің өнегелі өмірін насихаттау, шығармашылық мұрасын ұлықтау және ұлттық өнерге деген құрметті арттыру.

https://www.facebook.com/share/r/18bTzp941q/