Күндіз кітаппен қауышқан оқырман, түнде жырмен жүздесті!
Әл-Фараби кітапханасында «Түнгі кітапхана» жобасы аясында жас ақын, «Түркі әлемі» жазушылар одағының мүшесі Нұрасыл Сералиевтің шығармашылығына арналған ерекше поэзиялық кеш өтті.
Кеш барысында ақынның жүрекке жеткен жырлары оқылып, өлеңнің өрнегі мен сөздің сиқырына толы әсерлі сәттер өрбіді. Көрермендер ақынның шығармашылық әлеміне саяхат жасап, жырдан сыр, өлеңнен ой тапты.
Бірі өлең тыңдады, бірі шабыт алды, енді бірі поэзияның құдіретін тағы бір сезінді. Өйткені кейде бір шумақ өлең мың сөзбен жеткізе алмаған сезімді жеткізеді…
Әдебиетке ынтық жүректерді тоғыстырған түнгі кездесу көтеріңкі көңіл күймен, әдемі әсермен аяқталды.