Жаңалықтар

«REIN» – жүрекке жол тапқан кеш!

???? «REIN» – жүрекке жол тапқан кеш! ✨

???? «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бақтыгүл Рүстемқызы Ауданованың «REIN» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Әдеби кеш барысында оқырман назарына «Рейн» фильмі ұсынылып, қаламгердің шығармашылық әлемі мен туындының идеялық-көркемдік мазмұны кеңінен таныстырылды. Автор кітаптың жазылу тарихы мен шығармашылық ізденістері туралы әңгімеледі.

???? Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Захардин Қыстаубайұлы қаламгерді жаңа кітабының жарық көруімен құттықтап, шығармашылығына қатысты ой-пікірін білдірді. Ақын Жаңыл Қансейітова мен Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Марғұба Мұхтарқызы Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қалалық филиалы атынан арнайы сыйлықтарын табыстады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, «Шағала көңіл», «Жанымның жанартауы», «Сарқылмас сезім» жыр жинақтарының авторы, Бақтыгүл Ауданованың ұстазы Зікіра Қожаев сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.

???? Шымкент университетінің Педагогика және психология ғылыми-зерттеу институтының директоры Гүлнұр Әбубәкірқызы Белгибаева, журналист Ділдәгүл Нұрмаханбет пен ақын Айболат Маймақов «REIN» кітабы туралы ойларын ортаға салып, шығарманың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды.

???? Әдеби кештің мазмұнын Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттерінің «Маусымның соңы» әңгімесі бойынша қойған қойылымы аша түсті. Сонымен қатар «REIN» кітабын оқыған студенттер өз пікірлерін ортаға салып, туынды төңірегіндегі әдеби талқылауға белсене қатысты.

???? Кеш барысында ақын, сазгер Арайлым Саттарова автордың сөзі мен әніне жазылған «Мұқағалиға арнау» өлеңін орындады. Журналист Ерлан Қуандық, Қазығұрт ауданынан арнайы келген әнші Рүстем Кенжеұлы мен ақын, сазгер Ел-Нұр Әлімбай әуезді әндерімен кештің көркін келтіріп, әдеби жүздесудің әсерін арттыра түсті.

???? «REIN» кітабының тұсаукесері қаламгер шығармашылығын кеңінен танытып қана қоймай, әдебиет төңірегінде ой бөлісуге, оқырман мен жазушы арасындағы рухани байланысты нығайтуға жол ашқан тағылымды кеш болды.

???? Кеш модераторы – Көрмелік-бұқаралық жұмыс секторының басшысы Айгерім Алдабергенова.

https://www.facebook.com/share/r/1EzNJogRU5/

#ӘлФарабиКітапханасы #КітапОқитынҰлт #REIN #КітапТұсаукесері #ӘдебиКеш