Жаңалықтар

Айгүл Әметханованың «Тағдыр таңдауы» атты жаңа романының тұсаукесер кеші өтті

Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында талантты қаламгер Айгүл Әметханованың «Тағдыр таңдауы» атты жаңа романының тұсаукесер кеші өтті.

Сиясы кеппеген жаңа туындының тұсаукесері әдеттегіден өзгеше форматта өтті. Оқырман қауым романды оның авторымен қатар, шығармаға арқау болған басты кейіпкердің қатысуымен талқылауға мүмкіндік алды.

Шараның тағы бір елеулі сәті — Қазақ радиосының тілшісі Ғалия ханымның арнайы қатысуы болды.

Рухани кеш жоғары деңгейде өтіп, оқырмандар ризашылықпен тарқасты.

Кеш модераторы — Қазақстанның мәдениет қайраткері, драматург, жазушы Сая Қасымбек келелі кешті жүргізіп қана қоймай, автордың жаңа кітабын тереңірек талдап, оқырман қауыммен бірге талдау жүргізді.

#ӘлФарабиКітапханасы #Шымкент #КітапТұсаукесері #ТағдырТаңдауы #АйгүлӘметханова #КітапОқитынҰлт #Руханият

https://www.facebook.com/share/r/19htWv1h2W/