Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына жолдауы

✨Әл-Фараби кітапханасының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына жолдаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын ұжым болып тыңдады.

⬆️​Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту, жасанды интеллект пен цифрландыруды дамыту, атом энергетикасын өркендету және өңірлердің әлеуетін нығайту мәселелеріне басымдық берілді.

????Осы бағытта денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті анықтап, құрылыс жұмыстарын жеделдетуді міндеттеді.