25 қазан — Республика күніне орай «Білгірлер бәсекесі» атты әдеби-музыкалық куиз ойыны өтті
Әл-Фараби атындағы Шымкент қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 25 қазан — Республика күніне орай «Білгірлер бәсекесі» атты әдеби-музыкалық куиз ойыны өтті.
Кітапсүйер білімді жастардың бәйгесіне «Ұстаздар ұстаханасы» аталатын Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың «Алқа» әдеби бірлестігінен «Айналайындар» және «Алқа» атты екі команда қатысса, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Айқап» кітап клубынан «IQ Square» командасы, ал ОАИУ-дың «Талап» кітап клубынан «Талап» командасы бақ сынады.
Білгірлер бәсекесінде бағы мен бабы қатар шауып, «Айналайындар» командасы бірінші орынды иеленсе, «IQ Square» командасы екінші орынға табан тіреді. Ал «Талап» және «Алқа» командалары үшінші орынды місе тұтты.
Куиздің ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі — кітапхана қызметкері Пазыл Санат.
https://www.facebook.com/share/r/1CWoLkxnpi/