«Кітап оқу – жетістікке апарар жол» атты кездесу кеші өткізілді
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» жарлығы аясында кітап оқуды өмірлік дағдысына айналдырып, білім мен ізденіс арқылы жетістікке жеткен тұлғалардың өмір жолын үлгі ету мақсатында «Кітап оқу – жетістікке апарар жол» атты кездесу кеші өткізілді.
Кешке М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі декан орынбасары Ә. Кәдірбеков, №25 Т.Рысқұлов атындағы мектеп-гимназиясы КМК-нің директоры Р. Жаңабаева, Шымкент қаласының адвокаттар алқасының жеке дара адвокаты, ішкі істер органдарының ардагері Ж. Бекбенбетов, «Ақпан мед» медециналық орталығының терапевт-дәрігері Э. Сидиков, N80 IT мектеп-лицейінің 10 ”и”, “ж” сынып оқушылары мен сынып жетекшілері Ж.Таңбаева және Ж.Ақбөпеева қатысып, жас оқырмандарға кітап оқу арқылы үлкен жетістіктерге жетуге болатыны жайлы өнеге аларлық ақыл-кеңестерін беріп, өздері оқыған кітаптарын әңгімелеп, жастарды кітап оқуға шақырды.
Кітапханамыздың жас кітапханашылары поязия оқып, әсем әндерімен іс-шараның көркін аша түсті.
Кешті кітапхана директоры Анар Абусайылқызы қорытындылай келе, білім ешқашан ескірмейтін байлық, кітап оқыған адам – терең ойлайтын, дұрыс шешім қабылдайтын және арманына сенімді қадам жасайтынын атап өтті.
https://www.facebook.com/share/r/1MiuiTGBFH/