Жаңалықтар

«СЕЗІМ МҰНАРАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

???? «СЕЗІМ МҰНАРАСЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

???? Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Дәркен Танабаевтың «Сезім мұнарасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

⚜️Шараны кітапхана директорының орынбасары Гүлмира Батырбайқызы ашып, өзіндік сара жолын салып, оқырман қауымның жүрегінен орын алған ақынның жаңа туындысына сәттілік тіледі.

✨ Әдеби-рухани шараның мақсаты – оқырман қауымға жаңа туындыны таныстырып, кітап оқу мәдениетін насихаттау және отандық әдебиеттің дамуына үлес қосу. Кездесу барысында ақынның шығармашылығы мен жаңа кітаптың мазмұнына қатысты ойлар ортаға салынып, әдебиетсүйер қауымға рухани әсер сыйлады.

????️Ж. Тәшенов атындағы педагогикалық университеттің ғалым-хатшысы, ф.ғ.к. , қауымдастырылған профессор Злиха Тұрарқызы Жантасова ақынның өмірі мен шығармашылығына талдау жасады. Әуесқой композитор Айзада Бекенқызы ақынның сөзіне жазған әнін орындады.

???? Кітапхана қабырғасында өткен тағылымды басқосу қаламгер мен оқырман арасындағы шығармашылық байланысты нығайтып, әдеби мұраны дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.

????Көпшілік іс-шаралар секторының меңгерушісі Айгерім Төребайқызы өзіндік пікірін айтып, ақын өлеңін мәнерлеп оқыды. Қаратау-Назарбаев мектебінің оқушылары әдеби композиция орындады.

????????Модератор: кітапхана қызметкері, айтыскер ақын - Мейіржан ЖАҚЫП

???? Кітап – рухани қазына, әдебиет – ұлттың асыл мұрасы!