Жаңалықтар

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызының шығармашылығына арналған сыр-сұхбат кеші өтті

«Түнгі кітапхана» мәдени-ағартушылық жобасы аясында ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Эльмира Сәрсенбайқызының шығармашылығына арналған сыр-сұхбат кеші өтті.

Руханият пен өнерді ұштастырған кештің мақсаты – ақынның шығармашылық әлемін оқырман қауымға кеңінен таныстыру, поэзия мен ән өнерінің үндестігін дәріптеу, әдебиетсүйер қауымның рухани байланысын нығайту.

Әдеби кеш барысында автордың өзі оқыған өлеңдері экран арқылы көрсетіліп, көрермен назарына ұсынылды. Әсем ән мен сырлы жырға толы бағдарламада Эльмира Сәрсенбайқызының сөзіне жазылған «Сен сол күз бе?», «Серт» және «Сенің көзің» әндері орындалды. Сонымен қатар Ө. Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың студенттері әдеби композиция ұсынды.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, тарихшы-шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы ақынның шығармашылығына тоқталды.

Сондай-ақ, құрметті қонақтар қатарында «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директорының міндетін атқарушы Айдар Сайлауұлы Құлжанов, жазушы, драматург Захардин Қыстаубаев, ақын, Халықаралық «Физули» сыйлығының иегері Құрал Көмек бастаған зиялы қауым өкілдері

https://www.facebook.com/share/r/14pKsLihdAQ/