АҚЫН ЭЛЬМИРА СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ ОҚЫРМАНМЕН СЫР БӨЛІСТІ
Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Эльмира Есхожаеваның «Анамдай болсам» атты сыр-сұхбат кеші өтті. Мәдени-ағартушылық «Түнгі кітапхана» жобасы аясында кітапхана ұжымы ұйымдастырған әдеби кездесу ақынның шығармашылығын насихаттауға және оқырман мен қаламгер арасындағы байланысты нығайтуға арналды. Рухани кешке жазушы, драматург Захардин Қыстаубаев, ақын, Халықаралық «Физули» сыйлығының иегері Құрал Көмек бастаған зиялы қауым өкілдері. мен кітапсүйер қауым қатысты.
Іс-шараның ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының Шымкент қаласындағы өкілетті өкілі, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстанның Құрметті жазушысы, тарихшы-шежіреші Момбек Әбдіәкімұлы ақынның шығармашылығына тоқталды. Толығырақ shymkala.kz сайтынан оқи аласыз.