Жаңалықтар

Біржан Байтуовтың «Айтыстың айдынында» кітабын ұсынамыз

Қадірлі оқырмандар!

Кітапханамыздың Сирек кітаптар қорының «Қолтаңбалар мен қолжазбалар» топтамасынан айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Біржан Байтуовтың «Айтыстың айдынында»кітабын ұсынамыз. Бұл кітапта Біржан Байтуовтың сахнадағы ең үздік сөз сайыстары, сурыпсалма жырлары мен республикалық аламан айтыстардағы мәтіндері топтастырылған. Кітап көпшілік оқырманға арналады.