«Кітап Times» — әдебиетке бірге саяхат
«Кітап Times» — әдебиетке бірге саяхат
26 қыркүйек күні «Кітап Times» жобасы аясында оқырмандарды қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларымен жақынырақ таныстыратын тағылымды әдеби кездесу өтті.
Кездесу барысында Қарауылбек Қазиевтің хикаяттары мен әңгімелері, сондай-ақ Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» тарихи романы талқыланды.
Әдеби шығармалардың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлемін саралап, авторлардың шығармашылық ерекшеліктері туралы ой бөліскен оқырмандар үшін бұл кездесу ерекше әсерлі болды. 

Талқылауға белсенді қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскен «Әл-Фараби» тобына алғысымызды білдіреміз!
Кітап — өткенді танытып, бүгінді ойландырып, болашаққа жол көрсететін рухани қазына.
Оқимыз. Ойланамыз. Пікір бөлісеміз. 
https://www.facebook.com/share/v/1CpDvAqXhy/
#КітапTimes #ҚарауылбекҚазиев #АқанНұрманов #ҚұланныңАжалы #ӘлФарабиТобы ҚазақӘдебиеті Кітапхана КітапОқу ӘдебиКездесу ОқырманменЖұмыс