Жаңалықтар

“Қарттарын қадірлеген ел - ардақты” атты мерекелік кеш өтті

Қарттарын қадірлеген ел - ардақты. 1қазан -Халықаралық қарттар күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының “Құрмет ардагерлер үйі” КММ -де “Қарттарын қадірлеген ел - ардақты” атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кешті “Ардагерлер үйі” КММ-нің директоры Садибекова Перизат апай ашып, қазыналы қарттарға жүрек жарды ізгі тілегін білдірді. Мерекелік шарада Шымкент концерт, концерттік ұйымынан келген дәстүрлі әнші,термеші Тәттімбет Керейұлы, Өсербай Ақжол халық әндерін орындап, қонақтарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Мерекелік кешті кітапханамыздың “Өнер әдебиеті бөлімінің” қызметкері Қынатова Анар Алмабекқызы жүргізіп, мерекеге арналған әдеби композицияны көрермен назарына ұсынды. Қарттық - өмірдің үлкен мектебі, ал қазыналы қарияларымыз - кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар берер асыл қазынамыз.