«Қазақ қыздарының ұлттық коды»
«Қазақ қыздарының ұлттық коды»
Кітапханамызда ардақты ұстаз, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Анар Шаймаханқызы Досбенбетованың ғылыми педагогикалық жолымен таныстыратын «Қазақ қыздарының ұлттық коды» тақырыбында шығармашылық кеш өтті.
«Томирис» қыздар клубының негізін қалап, қазақтың ұлттық коды, қазақ этнопедагогикасына өзінің мол үлесін қосқан ғалым-ұстаз 400-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы.
Кешке ғалым-ұстаз еңбек ететін еліміздегі іргелі білім ордаларының бірі Ж.А Тәшенев атындағы университеттің п.ғ.д., профессор ҚР ҰҒА академигі, басқарма төрағасы Оңалбай Аяшұлы Аяшев бастаған профессор – оқытушылар құрамы қатысып, өздерінің жүрекжарды жылы лебіздерін жеткізіп, мағыналы естеліктерімен бөлісті.
Тағылымы мол кешке кітапхана оқырмандары, студент жастар, мектеп оқушылары да қатысты.