Жаңалықтар

«Оңтүстік журналистикасының атасы» тақырыбындағы еске алу кеші өтті

Кітапханамызда Қазақстаның Құрметті журналисі, жазушы, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Байдулла Қонысбектің туылғанына 85 жыл толуына орай «Оңтүстік журналистикасының атасы» тақырыбындағы еске алу кеші өтті.

Іс-шара кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты Жаппарқұлова Анар Абусайылқызының алғы сөзімен басталды.

Кеш қонақтары жазушылар, журналистер Захардин Қыстаубаев, Сенбек Ералы, Сабырбек Олжабай, Асхан Майлыбаева, Гүлсара Қуанышбаева сондай-ақ, бауыры Халилулла Битабаров, қызы Гүлім Байдуллақызы келіні Гульнара Айткулова қатысқан іс-шарада журналистің өмір жолы мен еселі еңбегін айтып, тұлғаның қиын-қыстау уақытқа қарамай «Оңтүстік» телеарнасын ашып игілікті істерді насихаттауға, зиялы қауым өкілі ретінде елдің ынтымағы мен бірлігін насихаттауға өз үлесін қосқаны айтылды.

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ-нің журналистика мамандығының студенттері баяндама жасап, арнауларын оқыды.

Кеш модераторы - Қазақстанның Құрметті журналисі Бақтияр Тайжан қазақ журналистикасында Байдулла Қонысбектің өшпес із қалдырғаны жайында естеліктерден сыр шертіп, іс шараның тағылымды өткізілуіне ұйытқы болды.

https://www.facebook.com/share/r/1JJVx4mC1a/