Жаңалықтар

«ФАРАБИ ЖОЛЫМЕН» – КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ САЯХАТҚА ЖОЛДАМА ҰТ!

???? «ФАРАБИ ЖОЛЫМЕН» – КІТАП ОҚЫП, РУХАНИ САЯХАТҚА ЖОЛДАМА ҰТ! ✈️????

????️Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр» романын талқылауға арналған «Кітап талқылап, саяхатқа жолдама ұтып ал» атты талқылау кеш өтті.

????✨ Шара барысында шығармадағы тарихи кезең, ұлттық болмыс, ел тағдыры мен кейіпкерлер әлемі кеңінен талқыланып, кітаптың оқырманға берер рухани тағылымы сараланды.

✈️ Ең бастысы – кітап оқығаны үшін оқырмандарға ерекше сый жасалды. Кітапқұмар жастар, мұғалімдер мен оқушылар арасынан бірқатар белсенді қатысушылар шетелге рухани-танымдық саяхатқа жолдама иеленді. Осылайша кітап оқу тек білім мен рухани байлықтың көзі ғана емес, жаңа елдерді танып-білуге, дүниетанымды кеңейтуге мүмкіндік беретін үлкен мәдени қозғалысқа айналды. ????????

???????? Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік басымдықтарымен үндеседі. 2026 жылғы 16 мамырдағы Президент Жарлығында кітап оқу мәдениетін дамыту, балалар мен жастар арасында тұрақты оқу дағдыларын қалыптастыру және ұлттық әдеби мұраны

https://www.facebook.com/share/r/1D9ydDL1jm/