Жаңалықтар

«МАРХАБАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАҢА САНЫ КІТАПХАНАМЫЗҒА КЕЛІП ТҮСТІ!

???? «МАРХАБАТ» ЖУРНАЛЫНЫҢ ЖАҢА САНЫ КІТАПХАНАМЫЗҒА КЕЛІП ТҮСТІ!

????Әдебиет әлеміндегі өзіндік үні мен көркемдік өрнегі қалыптасқан «Мархабат» журналының жаңа саны оқырман қауымға жол тартты.

????Журналдың бұл санынан көрнекті қаламгер Мархабат Байғұттың «Кандидаттың имиджі» шығармасымен, Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтың «Мақамы бөлек Мақаң еді» атты естелік-эссесімен, белгілі жазушы, журналист Шойбек Орынбайдың «Түсініксіз дау» әңгімесімен таныса аласыздар. Сондай-ақ Махмұд Етемадзаде, Ақгүл Айдарбекқызы, Биқожа Жакипов сынды авторлардың шығармалары ұсынылған.

????Өміршең өлеңдерімен, айтыстағы айшықты шумақтарымен ел жүрегінен орын алған ақын Бекжан Әшірбаевтың өлеңдер топтамасы да журналдың осы санында жарияланып отыр.

???? «Мархабат» – әдебиеттің жаңа тынысын танытатын, қаламгер мен оқырманды жақындастыратын рухани басылым.

????️Журналдың жаңа санын Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасынан оқи аласыздар!

????️Кітапханаға келіңіз!

Жаңа шығармалармен танысыңыз!

Әдеби әлемнің жаңалығынан қалыс қалмаңыз!