«A HUMAN BUT NOT HUMAN» / «Адамға ұқсаған адам» атты екі бөлімнен тұратын кітабының тұсаукесері өтті.
«KITAП TIME – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында маңызды әдеби шара өтті!
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын, сатирик Мұхтар Шерімнің Пәкістанда ағылшын тілінде жарық көрген «A HUMAN BUT NOT HUMAN» / «Адамға ұқсаған адам» атты екі бөлімнен тұратын кітабының тұсаукесері өтті.
Шара барысында қаламгердің шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы кеңінен таныстырылып, жаңа кітаптың мазмұны мен халықаралық деңгейдегі маңызы сөз болды. Кездесу әдебиетсүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлап, отандық әдебиетті әлемдік кеңістікке таныту бағытындағы тағылымды басқосуға ұласты.