Жаңалықтар

«ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ - ЗЕРЕК ОҚЫРМАН»

«ЗЕРДЕЛІ ҰЛТ - ЗЕРЕК ОҚЫРМАН»

???? «KITAП TIME – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында «Зерделі ұлт – зерек оқырман» атты салтанатты шара өтті.

????️Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқырмандық белсенділікті арттыру және ұлттық руханиятты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шара Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтті.

????Шара барысында «Зерделі ұлтқа бастар рухани жол» атты кеңейтілген кітап көрмесі мен кітап инсталляциясы таныстырылып, кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

????Салтанатты шараны Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова ашып, қатысушыларға құттықтау сөзін арнады. Сондай-ақ, Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова құттықтау сөз сөйлеп, кітап оқу мен руханияттың қоғамдағы маңызына тоқталды.

????«KITAП time – 2026» V жалпы республикалық фестивалі аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының бастамасымен «ЖИ дәуіріндегі кітапханалар - өзгерістердің бастауы» атты онлайн ZOOM конференция өтті

⚜️Фестиваль аясында Қазақстанның Құрметті жазушысы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын-сатирик Мұхтар Шерімнің Пәкістанда ағылшын тілінде жарық көрген екі бөлімнен тұратын «A HUMAN BUT NOT HUMAN» / «Адамға ұқсаған адам» кітабының тұсаукесері өтті. Әдеби-мәдени шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар қатысып, қаламгердің шығармашылығы мен халықаралық деңгейде жарық көрген жаңа еңбегі кеңінен таныстырылды. ✨????

https://www.facebook.com/share/v/1MLuXRBYvG/