Кітапханамызда «Отбасылық оқу – ұлт болашағы» атты кездесу өтті. Бұл кездесу отбасындағы кітап оқу мәдениетін насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту және өскелең ұрпақты кітап оқуға баулу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызы ашып берді. Кездесу барысында кітапты өмірінің ажырамас бөлігіне айналдырған, қала көлеміндегі «Үлгілі отбасы» байқауларының жеңімпаздары болған өнегелі отбасы Есмахановтар өздерінің кітап оқу дәстүрі мен отбасы құндылықтары туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, қонақтар мен мектеп оқушылары әдеби композиция оқып, әсем әндер шырқалды.
Кездесу соңында отбасы болып кітап оқуға, білімге ұмтылуға және зерделі ұлт қалыптастыруға үндейтін тағылымды ойлар айтылды.