«Тіл – ұлт рухының айнасы» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – ұлт рухының айнасы» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырылды. Шараны модератор Қабыл Тұрарұлы Дүйсенби жүргізіп, тілдің ұлт рухы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы маңызына тоқталды.
Кеш барысында кітапхана директоры, филология ғылымдарының кандидаты, айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Анар Абусайылқызы Жаппаркулова ана тілін ардақтауға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге ерекше тоқталды. Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педогогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Н. Нұрпейісов, Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ә. Дәрменбай , Ы. Алтынсарин атындағы № 65 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж. Аманбекқызы қазақ тілінің қоғамдағы орны жайлы ой-пікірлерімен бөлісті. Шара барысында дәстүрлі әнші Тәттімбет Керей мен термеші Асылбек Бейсова ұлттық әндер мен термелер орындап, кештің көркін ашты.