Жаңалықтар

«КІТАПХАНАҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ЖАН»

???? «КІТАПХАНАҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ЖАН»

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директор орынбасары, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Алпысбаева Гүлмира Батырбайқызының 60 жас мерейтойына арналған «Кітапханаға ғұмырын арнаған жан» атты әдеби-сазды мерекелік кездесу кеші өтті.

????Шараны Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының орынбасары Мөлдір Убайдуллақызы Оңдасынова ашып, басқарма басшысының құттықтау хатын тапсырды. Кітапхана директоры Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова ақ тілегін жеткізіп, барша әріптес кітапханашылардың атынан құттықтады.

????Мерейтой иесінің еңбек жолы мен кітапхана саласына сіңірген ерен еңбегі кеңінен дәріптеліп, «Өмір жолы – өнеге» бейнеролигі ұсынылды. Кеш барысында әріптестердің жүрекжарды лебіздері айтылып, ән-шашу, арнау, «60 белес – 6 бейне» мерейтойлық дефиле және әзіл-шыны аралас сахналық қойылым көрермен көңілінен шықты.

????Мерекелік кеште кітапхана ұжымының ақжарма тілектері мен ізгі лебіздері мерейтой иесіне арналды. Кеш соңында Гүлмира Батырбайқызы сөз алып, әріптестері мен қонақтарға ризашылығын білдірді.

????Мерейтой аясында кітапхана фойесінде «Кітаппен өрілген ғұмыр» атты кітап көрмесі мен арнайы мерейтойлық инсталляция ұйымдастырылды. Кеш мазмұнды еңбек жолын ұлықтап, кітапхана ісіне ғұмырын арнаған жанға деген зор құрметтің жарқын көрінісіне айналды.