Жаңалықтар

Өмірдің мәні – мамандығыңды сүйе білуде

Өмірдің мәні – мамандығыңды сүйе білуде

Кейде адамның өмір жолына көз жүгіртсеңіз, оның әр белесінен табандылық пен ізденісті, еңбек пен адалдықты, ең бастысы, өз мамандығына деген шынайы сүйіспеншілікті аңғарасыз. Бір салада жылдар бойы жемісті еңбек етіп, кәсіби шеберлігін шыңдап, айналасына үлгі бола білу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Осындай абыройлы ғұмыр иесі, білікті кітапханашы, жауапкершілігі жоғары басшылық қызметтер атқарған — Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Батырбайқызы Алпысбаева.

Биыл мерейлі 60 жасқа толып отырған Гүлмира Батырбайқызының кітапхана саласындағы еңбек жолы – бір маманның тағдыры ғана емес, руханиятқа қызмет етудің жарқын үлгісі.

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», – деп дана Абай айтқандай, Гүлмира Батырбайқызы бала күнінен кітапқұмар оқушы болды. Толығырақ

https://shymkala.kz/omirdin-mani-mamandygyndy-suie-bilude/ сайттан оқи аласыз.