23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн
23 тамыз – ел өміріндегі маңызды күн
Бүгін елімізде маңызды саяси науқан өтіп жатыр. Таңғы сағат 7:00-ден бастап Шымкент қаласының тұрғындары сайлау учаскелеріне барып, өз азаматтық таңдауын жасауда.
Шымкенттегі Арбат алаңында қала кітапханаларының ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтіп жатыр. Көрмеге Қазақстан тарихына арналған кітаптармен бірге балаларға арналған танымдық және көркем әдебиеттер қойылған. Кішкентай оқырмандар үшін ел тарихын кітап арқылы танып, қызықты дүниелермен танысуға жақсы мүмкіндік.
Саяси науқан өтіп жатқан күні кітап көрмесінің ұйымдастырылуы да өзінше мәнді. Өйткені елдің бүгіні мен болашағын ойлау — тек таңдау жасаумен шектелмейді. Өз тарихыңды білу, балаға кітап оқыту, білім мен мәдениетке көңіл бөлу де қоғамның дамуына әсер ететін маңызды дүниелер.
Арбат алаңындағы көрме қала тұрғындарын кітап әлеміне жақындатып, бос уақытын пайдалы өткізуге мүмкіндік беріп отыр.
https://www.facebook.com/share/r/1EvSi6SZar/