Жаңалықтар

«Жазғы демалысты кітаппен бірге өткізейік»

⚜️«Жазғы демалысты кітаппен бірге өткізейік»

????Жазғы демалысты қызықты, әрі пайдалы өткізудің ең жақсы жолы – кітаппен достасу. Осы мақсатта «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге, кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған танымдық шара өтті.

????Шара барысында балалар түрлі жанрдағы әдеби жаңа кітаптармен танысып, қызықты ойындарға қатысты. Кітап оқып, өзара пікір алмасқан жас оқырмандар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды.

????Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жазғы демалысын пайдалы, әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.

https://www.facebook.com/share/r/1DNtcPLBAH/