12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Жастар - елдің ертеңгі тірегі» атты танымдық сағат өтті
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Жастар - елдің ертеңгі тірегі» атты танымдық сағат өтті.
Танымдық сағат мерекелік құттықтаумен басталып, ел дамуындағы жалынды жастардың орны ерекше екені атап өтілді.
Сонымен қатар іс-шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі жасақталып, таныстырылды.
Кітап көрмесіне жас ұрпаққа арналған әдебиеттер, қазақ халқының рухани көшбасшысы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармалары, сондай-ақ жастар арасында кеңінен оқылатын мотивациялық кітаптар қойылды.
https://www.facebook.com/share/r/1JPN14NHMN/