Жаңалықтар

«Жазғы демалысты кітаппен бірге өткізейік»

«Жазғы демалысты кітаппен бірге өткізейік»

Жазғы демалысты қызықты, әрі пайдалы өткізудің ең жақсы жолы – кітаппен достасу. Осы мақсатта оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен саябақта балалардың бос уақытын мазмұнды әрі тиімді өткізуге, кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға бағытталған іс-шара өтті.

Іс -шара барысында балалар түрлі жанрдағы әдеби жаңа кітаптармен танысып, қызықты ойындарға қатысты.Табиғат аясында бірге кітап оқып, өзара пікір алмасқан жас оқырмандар көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі сәттерге куә болды. Мұндай шаралар балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, жазғы демалысын пайдалы, әрі мазмұнды өткізуіне мүмкіндік береді.