«Әже, ертегі оқып берші» жобасы өткізілді
«Ақерке» балалар залының ұйымдастырумен жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту мақсатында «Әже, ертегі оқып берші» жобасы өткізілді. Жоба барысында Айжан әжеміз балаларға қазақ халық ертегілерін оқып беріп, ертегі арқылы балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге үйретті.
Шараға қатысқан балалар ертегі тыңдап қана қоймай, кейіпкерлердің іс-әрекетін талдап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.