Жаңалықтар

Антуан де Сент-Экзюперидің әйгілі «Кішкентай ханзада» шығармасын ұсынамыз

Құрметті оқырмандар!

Сіздердің назарларыңызға «Әлем бестселлерлері» жобасы аясында француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің әйгілі «Кішкентай ханзада» шығармасын ұсынамыз.

«Кішкентай ханзада» – достық, махаббат, мейірімділік, жауапкершілік және өмірдің шынайы құндылықтары туралы терең философиялық туынды. Бұл шығарма әрбір оқырманды жүрекпен сезінуге, адамгершілік қасиеттерді бағалауға және өмірдің мәнін түсінуге жетелейді.

Кітап әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, бірнеше ұрпақтың сүйікті шығармасына айналды.

Сіздерді «Кішкентай ханзада» кітабын оқуға кітапханамызға шақырамыз!

https://www.facebook.com/share/r/1c8T6mBp7y/