Ақерке балалар залының ұйымдастыруымен шеберлік сабақ өтті
«Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен өткен «Шебер қолдар» шеберлік сабағы балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, қолөнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Іс-шара барасында балалар түрлі-түсті түтікше және ермексазбен көбелек жасап үйренді.