Жаңалықтар

«Адалдық - ардың ісі» тақырыбында кітап және мерзімді басылымдар беттерінен көрме ұйымдастырылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау мақсатында «Адалдық - ардың ісі» тақырыбында кітап және мерзімді басылымдар беттерінен көрме ұйымдастырылып, көпшілік оқырманға таныстырылды.

Көрмеге заңнамалар, Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері туралы кітаптар, күнделікті баспасөз беттеріндегі материалдар ұсынылды.