ТАНЫМҒА ТОЛЫ САЯХАТ
ТАНЫМҒА ТОЛЫ САЯХАТ
Кітапханаға келген жас оқырмандар үшін танымдық әрі қызықты экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында оқырмандар кітапхананың рухани құндылықтарға толы Әл-Фараби залымен танысып, ғұлама ойшылдың өмірі мен мол мұрасы туралы тың мәліметтер алды.
Кітапханамызға келген балалар ерекше әсер сыйлайтын планетарий бөлмесіне саяхат жасап, ғарыш әлемінің тылсым сырларымен танысты.
Шараның барысында “Ақерке” балалар залында түрлі танымдық әрі көңілді ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
https://www.facebook.com/share/v/1KzqftYUfY/