Қазақстан Республикасы Президентінің қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері тұрғын үйлерді аралап, кітап оқудың маңызын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қала тұрғындарына кітапхана қорына жаңа түскен танымдық, тарихи, заманауи көркем әдебиеттерді таныстырып, кітапханаға кітап оқуға шақырды.