Жаңалықтар

«Домбыра – ұлттық рухтың символы» атты күй кеші ұйымдастырылды

????Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен Қаратау дəстүрлі өнер мектебінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – ұлттық рухтың символы» атты күй кеші ұйымдастырылып, оқырмандарға ұлттық өнерімізді насихаттайтын кітаптар таныстырылды.

????Кеш барысында Қаратау дəстүрлі өнер мектебінің оқушылары «Адай», «Балбырауын» күйлерін нақышына келтіре орындап, көрермендердің рухын асқақтатты.