Жаңалықтар

«Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси шарасын ұйымдастырды

✨Бүгін 19 маусым – Қала күніне орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Менің сүйікті қалам» тақырыбында библиотакси шарасын ұйымдастырды.

Шараның басты мақсаты – қала тұрғындары мен қонақтарына, әсіресе жастарға Шымкент қаласының бай тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттау.

????Библиотаксиге мінген алғашқы жолаушы «Нұрсәт» мөлтек ауданынан отырып, Бәйдібек би даңғылына дейінгі жол бойында қойылған барлық сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, шартқа сәйкес межелі жеріне тегін жеткізілді. Келесі жолаушы Қ.Төлеметов көшесінен мініп, бүгін ашылуы болған Экосаябаққа дейін жол тартты. Библиотаксидің келесі аялдамалары «Тұран», «Шымсити» және «Бозарық» мөлтек аудандары болды.

????️Іс-шара барысында жолаушыларға Шымкент қаласының тарихи қалыптасуы, көрікті жерлері мен мәдени нысандары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар, Шымкент өңірінен шыққан белгілі ақын-жазушылардың, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы таныстырылды. Қатысушылар танымдық сұрақтарға жауап беріп, қала тарихы мен мәдениеті жайлы қызықты деректерге қанықты.

????«Менің сүйікті қалам» библиотаксиі қала тұрғындары мен қонақтарының туған өлкенің өткені мен бүгініне деген қызығушылығын арттырып, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін нығайтуға ықпал етті.

https://www.facebook.com/share/v/1EWu3SeDvZ/