Гүлжаһан Жұмабердіқызы кітапханамызға келіп, әдеби зерттеу еңбектерін сыйға тарту етті
М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Тәуелсіздік дәуірдегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Гүлжаһан Жұмабердіқызы Орда арнайы кітапханамызға келіп, кітапхана қорына өзінің авторлығындағы «Қазіргі қазақ балалар әдебиеті» (1991-2021) зерттеу еңбегі мен жазушы Әди Шәріповтің «Әдебиеттің сырлы әлемі», «Екі томдық таңдамалы шығармалар жинағы», сондай-ақ «Жаңа қазақ әдебиеті», «Балалар әдебиетінің пәнаралық аспектілері», «Әлем әдебиетінің дамуы контексіндегі қазіргі қазақ әдебиетінің даму үрдістері: көркемдік ағым-бағыттар» әдеби зерттеу еңбектерін сыйға тарту етті.
Кітапхана ұжымы Гүлжаһан Жұмабердіқызына кітапхана қорын құнды әдеби және ғылыми еңбектермен толықтырғаны үшін шынайы алғысын білдіреді. Сыйға тартылған басылымдар әдебиеттанушылар, жас ғалымдар, студенттер мен оқырмандар үшін маңызды ғылыми-танымдық ресурс болып, ұлттық әдеби мұраны зерттеу мен насихаттауға қызмет ететін болады. Осындай игі бастамалар кітапхана мен ғылыми орта арасындағы байланысты нығайтып, рухани құндылықтарымызды дәріптеуге өз үлесін қосатын болады.