Кітапханамыздың «Ақерке» балалар залы балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Жазды кітаппен бірге өткізейік!» атты шара өткізді. Шара барысында балалар кітап қорындағы қызықты кітаптар әлеміне саяхат жасап, түрлі танымдық ойындарға белсене қатысып, өздеріне ұнаған бірнеше кітаптарды үйге оқуға алды.