1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі Шымкент қаласында кең көлемде аталып өткізілді
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі Шымкент қаласында кең көлемде аталып өткізілді.
Қала әкімдігінің бастамасымен дәстүрге айналған “BalaShym” өнер фестивалі қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кітапханамыздың «Ақерке» балалар залының ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, білімді, зерделі ұрпақ тәрбиелеу мақсатында «Балалық шақ – бақыт мекенім» атты мерекелік кеш Орталық саябақта өткізілді.
Мерекелік шара барысында балалар арнайы жасақталған кітап көрмесімен танысып, өлеңдер оқып, қызықты сайыстар мен түрлі викториналық ойындарға белсене қатысты. Кітапханамыздаң демеушісі, кәсіпкер Индира Айнабекова шарамызға демеушілік жасап, белсене қатысқан балаларға сыйлықтар тарту етті.